№20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының консультациялық пункт жөнінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
№20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының консультациялық пункт
жөнінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2023ж қыркүйек айынан бастап №20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының 2023-2024 жылға арналған консультациялық пункт жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 118 тармағын орындау мақсатында
- 2023-2024 оқу жылында балалары балабақшамен қамтылмаған
ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысы ұйымдастырылды.
- Консультациялық пунктте жұмыс жасайтын жауапты мамандар тізбесі жасақталды.
- Консультациялық пункттің жұмыс кестесі құрылды.
- Консультациялық пункттің жұмыс жоспары бекітілді.
- Консультациялық пунктте өткізілген іс-шараларды сайтқа жүктейтін, жариялайтын маман бекітілді.
- Консультациялық жұмыстың жүргізілу туралы бұйрық тәрбиешілер мен мамандарға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
30.11.23ж «Күзгі сұлулық әлемі» тақырыбында балармен жұмыстар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйретуды жалғастыру. Табиғи көріністің күз мезгіліндегі тамаша екенін айту және ағаштардың суретін сәндеп салуға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілі пен рақымшылыққа тәрбиелеу.
Психолог: Кабылбекова К.
20.12.23ж «Ата-ана махаббаты оны көріп естіп сезінуі үшін не істеу керек» тақырыбында балармен жұмыстар ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Адам баласын бауырым деу жүректің ісі» деген екен Абай атамыз.Адамдың адамшылығы ақыл мен ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады. Бала- ата-ана өмірінің жалғасы.
Тәрбиеші: Калымбетова Д.
27.12.23ж «Тыныс алу гимнастикасы» тақырыбында балармен жұмыстар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тыныс алу адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бір болып табылады. Тыныс алу гимнастикасының балалар денсаулығы үшін маңызы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезеңінен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуыларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.
Логопед: Нұсқабаева А.