Консультативтік пункт есебі
№20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының консультациялық пункт жөнінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
2023ж қыркүйек айынан бастап №20 «Қазына» бөбекжай-бақшасының 2023-2024 жылға арналған консультациялық пункт жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 118 тармағын орындау мақсатында
- 2023-2024 оқу жылында балалары балабақшамен қамтылмаған
ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысы ұйымдастырылды.
- Консультациялық пунктте жұмыс жасайтын жауапты мамандар тізбесі жасақталды.
- Консультациялық пункттің жұмыс кестесі құрылды.
- Консультациялық пункттің жұмыс жоспары бекітілді.
- Консультациялық пунктте өткізілген іс-шараларды сайтқа жүктейтін, жариялайтын маман бекітілді.
- Консультациялық жұмыстың жүргізілу туралы бұйрық тәрбиешілер мен мамандарға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
21.09.23ж «Күлкімен өткен әрбір күн» тақырыбында балармен жұмыстар ұйымдастырылды.
25.09.23ж «Достар әлемі» тақырыбында балалармен бөбекжай-бақшамызға саяхат жасадық. Бөбекжай-бақша қуаныш сүйіспеншілік үйі екенін түсіндіру. Бақшамыздағы топқа кіріп, топтағы табиғат бұрышы және топтың бөлме жиһаздарымен таныстырылды.
28.09.2023ж. Кәзіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына «Кел танысайық» атты тренинг жұмысын жүргізді. Медбике балалармен танысып, балаларға денсаулықты күту керектігін, әрдайым таза жүруді айтып, балалардың салмағы мен бойларын өлшеді.
5.10.2023ж. «Сүйкімді балапан» (саусақпен бояу) тақырыбында педагог-психолог К.Қабылбекова балапан туралы маңызды ақпараттармен бөлісіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыстар жүргізді.
16.10.2023ж. «Баланы қалай тәрбиелеу керек» тақырыбында ата-аналармен кеңес беру жұмыстары жүргізілді және психологиялық жұмыстардың нәтижиесі туралы айтылды.
06.11.2023 «Біз балалармен қалай сөйлесеміз» Балаларға арналған сөздің айрықша әуезді үнімен жағымды эмоциялар ұнайды.
16.11.2023ж. «Отбасы, бала, балабақша» тақырыбында тәрбиеші Ұ.Зеберхан балаларға отбасы жайында түсінік бере отырып, отбасына деген қызығушылықты арттыра келе отбасы жайлы сурет салуды ұсынды.